АҚШ шекарасын 12 елдің азаматтарына жапты. Тізімде кімдер бар?

13 маусым, 2025 / Ақбота Сабырхан
Фото: Anadolu Ajansi

«Трамп пен Путин Украина мен Иран мәселесін талқылаған уақытта АҚШ бірнеше елге виза шектеуін енгізді» – деп хабарлайды Anyqtime.kz.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесіп, Украина дрондарының Ресей аэродромдарына жасаған шабуылдары мен Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жағдайды талқылады. Путин қазіргі жағдайда Украинамен жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізу мүмкін емес екенін айтты.

 АҚШ президенті ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 12 елдің азаматтарына елге кіруге тыйым салатын жарлыққа қол қойды.Виза шектеуі енгізілген мемлекеттер: Ауғанстан, Мьянма, Чад, Конго, Экваториялық Гвинея, Эритрея, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан және Йемен. Тағы 7 ел – Бурунди, Куба, Лаос, Сьерра-Леоне, Того, Түрікменстан және Венесуэла – азаматтары үшін ішінара шектеу енгізілді.

Сонымен қатар, Дональд Трамп Гарвард университетінде оқу немесе алмасу бағдарламаларына қатысқысы келетін шетелдік азаматтардың АҚШ-қа кіруін уақытша тоқтататын жарлыққа да қол қойды. Құжатта АҚШ Мемлекеттік департаментіне қазіргі Гарвард студенттерінің визаларын кері қайтару мүмкіндігін қарастыру тапсырылған.

Тэгтер:

АҚШ Путин Трамп