«АЭС салу жөніндегі үкімет қаулысына қатысты талап-арыз сотта қаралып жатыр» – деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Белсенді Әлнұр Ильяшев Қазақстан Үкіметіне қарсы талап-арыз түсіріп, Алматы облысы Жамбыл ауданында АЭС салуға рұқсат берген үкімет қаулысын заңға қайшы деп тануды сұрады. Іс Астананың азаматтық істер жөніндегі межрайондық сотында қаралуда. Судья – Ләйлә Мұздыбаева.
Ильяшевтің айтуынша, станцияның жоспарланған орны Сарышаған әскери сынақ полигонынан бар-жоғы 22 шақырым жерде орналасқан, бұл МАГАТЭ қауіпсіздік нормаларына сәйкес келмейді.
Сарышаған полигоны Қарағанды және Жамбыл облыстары аумағында орналасқан және Ресей жалға алған аумақ саналады.
Еске салайық, АЭС құрылысы туралы үкімет қаулысы 2023 жылдың желтоқсанында қабылданып, 2025 жылдың ақпанында күшіне енген. Билік құрылысты қазақстандық және халықаралық бақылаушылар, соның ішінде МАГАТЭ қадағалайтынын мәлімдеген.
2024 жылдың қазанында өткен референдумда халықтың 71,12%-ы АЭС салуға қолдау білдірген. Дауыс беруге қатысу көрсеткіші – 63,66% болды.