Доллар қымбаттады, мұнай бағасы күрт өсті

13 маусым, 2025 / Ақбота Сабырхан
Фото: zakon.kz

13 маусым күні сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды. Сауда нәтижесінде АҚШ долларының орташа бағамы 511,92 теңге болып, тағы 0,22 теңгеге көтерілді, деп хабарлайды Anyqtime.kz

Ресей рублі бойынша сауда жүргізілген жоқ. Таңғы сауда кезінде қытай юанінің орташа бағамы 71,14 теңге деңгейінде тіркелді.

Валюта айырбастау пунктерінде:
– доллар 513,5–515,9 теңге,
– еуро 590–594 теңге,
– рубль 6,35–6,47 теңге аралығында саудалануда.

Ұлттық банк бекіткен ресми бағам бойынша:
– доллар – 511,77 теңге,
– еуро – 593,19 теңге,
– рубль – 6,41 теңге.

Мұнай нарығында баға күрт өсіп отыр.
Brent маркалы мұнай бағасы 7,40%-ға қымбаттап, бір баррелі 74,49 долларды құрады.
WTI (West Texas Intermediate) маркалы мұнайдың бағасы 7,86%-ға өсіп, 73,39 долларға жетті.

Тэгтер:

Доллар Мұнай