14 маусым күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Тек еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, республиканың бірқатар өңірлерінде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады. Атап айтқанда:
Жамбыл облысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел 23-28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Түркістан облысында таулы аймақтарда найзағай, жел және шаңды дауыл болады (17-25 м/с дейін).
Қызылорда облысында күндіз желдің екпіні 23 м/с-қа жетіп, шаңды дауыл көтеріледі.
Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстарында найзағай, бұршақ және 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады.
Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай күтіліп, күндіз жел күшейеді.
Ақтөбе облысында түнде найзағай жарқылдап, 20 м/с екпінде жел соғуы ықтимал.
Алматы, Қостанай, Павлодар облыстарының кей бөліктерінде күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ақмола облысында найзағай болжанса, Солтүстік Қазақстанда түнде және таңертең тұман түседі.
Сондай-ақ, синоптиктердің болжамынша, Атырау облысының кей жерлерінде және Қостанай облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.
Өрт қаупі де сейілер емес:
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, сондай-ақ Алматы, Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарының кей аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.