«Біз сізге сендік, бірақ жерге қараттыңыз»: Сатыбалды Беловичке шүйлікті
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды тоғыз мектептің құрылысы мерзімінен кешіккені үшін кәсіпкер Александр Беловичке қатаң ескерту жасады, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қала басшысы Медеу ауданын аралап, әлеуметтік нысандар мен жол-жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Сол сәтте әкім назарын тоғыз мектептің құрылысының тоқтап тұрғаны ерекше аудартты.
– Қыркүйек айында бұл мектептерде балалар білім алуы тиіс. Біз сізге сендік. Бірақ сенімімізді ақтамадыңыз. Тоғыз мектептің біреуі де бітпеген. Бұл жерде балалар оқиды. Бұл – халықтың салығынан жиналған бюджет қаржысы. Бұлай жалғаса алмайды. Мерзімінде тапсыруларыңызды талап етемін, – деді Дархан Сатыбалды құрылыс компаниясының иесіне.
Миллиардер Александр Белович әкімнің сынына жауап беріп, құрылысты белгіленген мерзімде аяқтауға уәде берді.
– Мұны оңай орындаймын, әкім уайымдамасын, – деді кәсіпкер.
Айта кетейік, Forbes Kazakhstan деректеріне сәйкес, Александр Беловичтің байлығы шамамен 681 миллион долларға бағаланады. Ол бұрын да құрылыс және білім беру салаларындағы мемлекеттік жобаларға белсенді қатысып келген.