Жеңістің 80 жылдығына арналған 1000 теңгелік банкнот айналымға шығады
nur.kz

Жеңістің 80 жылдығына арналған 1000 теңгелік банкнот айналымға шығады

Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 28 наурыздан бастап жаңа дизайндағы 1000 теңгелік банкнотты айналымға шығарады. Бұл туралы Ұлттық Банктің ресми сайтында хабарланды, деп жазады Anyqtime.kz.

Жаңа банкнот «Сақ стилі» сериясының жалғасы ретінде ұсынылып отыр. Онда қазақ халқының бай мәдени мұрасын бейнелейтін элементтер, соның ішінде көкте қалықтап ұшқан құс пен «Өмір ағашының» бұтағы, ДНҚ спиралін және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен стильдендірілген шексіздік символы, сондай-ақ артефакт – төс айыл (тартпа) элементі бейнеленген .

Банкнотаның түсі – қоңыр және ашық қоңыр. Бұл жаңа үлгідегі банкноттар жаппай қолданысқа 2025 жылдың екінші жартысында беріле бастайды. Себебі оларды еліміздің барлық аймағына жеткізу үшін және жабдықтарды (банкоматтар, терминалдар және басқа да кассалық техникалар) бейімдеу үшін қосымша уақыт қажет.

Фото: nationalbank.kz
Фото: nationalbank.kz