Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті «Росатом» салатын болды
Фото: t.me/orda_kz

Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті «Росатом» салатын болды

Қазақстанда салынатын алғашқы атом электр станциясының (АЭС) мердігері ретінде Ресейлік «Росатом» мемлекеттік корпорациясы таңдалды. Бұл шешімді арнайы құрылған ведомствоаралық комиссия қабылдаған, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Атом энергетикасы агенттігінің мәліметінше, «Росатом» ұсынған жоба нұсқасы еліміз үшін техникалық және экономикалық тұрғыда ең тиімдісі ретінде танылып отыр.

«Комиссия барлық ұсынысты саралап, Қазақстан үшін ең оңтайлы шешім ретінде ресейлік тараптың ұсынысын қолдады», – делінген агенттік таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда жобаға қатысатын басқа консорциум мүшелері нақты бекітілмеген. Олардың тізімі кейінірек жария етіледі.

Айта кетейік, Қазақстанда АЭС салу жөніндегі бастама еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін арттыру және электр қуатына деген өсіп келе жатқан сұранысты өтеу мақсатында қолға алынған.