«Емізулі Ерке сарқыт күтеді»: Ерке Есмахан Сәкен Майғазиевтің тойына неге бара алмағанын түсіндірді
Коллаж: sn.kz

«Емізулі Ерке сарқыт күтеді»: Ерке Есмахан Сәкен Майғазиевтің тойына неге бара алмағанын түсіндірді

11 маусым күні үшінші сәбиін дүниеге әкелген әнші Ерке Есмахан Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойына бара алмағанын желі арқылы жеткізді. Әнші тойды онлайн тамашалағанын айтып, әзіл аралас сәлем жолдады, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

«10 маусымнан бастап әлсін-әлсін толғақ басталды. 11-і күні кешке перзентханаға кеттік. Сағат 19:48-де Райымбекұлы Батыр дүниеге келді. Әкесі сүйінші жаңалығын жария етті. Қазір Аллаға шүкір, барлығы жақсы», – деп жазды Ерке.

Сондай-ақ, Сәкен Майғазиевтің тұңғышының дүркіреп өткен тойын онлайн көргенін айтып, әншіден әзілмен сарқыт сұрады:

«Сәкен аға – Динара жеңге, тойдан сарқыт күтеді емізулі Ерке», – деп қалдырды пікірінде.

Сәкен Майғазиев жас ананы жаңа сәбимен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.