Қазақстан-Украина қатынастары жаңа деңгейге көтеріле ме? Елші сенім грамоталарын тапсырды
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан-Украина қатынастары жаңа деңгейге көтеріле ме? Елші сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Украинадағы елшісі Төлежан Барлыбаев Украинаның мемлекет басшысы Владимир Зеленскийге сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады Anyqtime.kz.

Салтанатты рәсім ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген тарихи нысан — «Киев Софиясы» ұлттық қорығының аумағында өтті.

Сенім грамоталарын тапсыру барысында тараптар қысқа әңгімелесу өткізді. Кездесу аясында қазақ-украин арасындағы дәстүрлі достық қатынастар, түрлі саладағы өзара іс-қимыл және болашақтағы ынтымақтастық бағыттары сөз болды.

Қазақстан мен Украина арасындағы дипломатиялық байланыстар соңғы жылдары жаңа серпін алып, сауда, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларында бірқатар ортақ жобалар жүзеге асып келеді.

Айта кетейік Төлежан Барлыбаев  2025 жылғы 17 сәуірден бастап — Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі