Абэ династиясы: Ута Абэ әлем чемпионы атанып, Хифуми Абэ сенсациялық жеңіліс тапты

Бүгін, 00:05 / Ақбер Қуаныш
Фото: Karate.ru: MMA и Бокс

Жапония дзюдо жұлдызы Ута Абэ Будапешттегі әлем чемпионатының -52 кг салмағында өнер көрсеткен, ол финалда Косово өкілі Дистрия Красникиді иппонмен жеңіп, кәсіби шеберлігін тағы дәлелдеді — бұл Абэ үшін бесінші әлем чемпионатының алтын жүлдесі болды. Ал 66 кг салмақта сынға түскен оның ағасы Хифуми Абэ қола медальмен, яғни үшінші орынмен тоқтады деп хабарлайды Anyqtime.kz

Жарыс басталмай жатып фаворит атанған Ута бұл мәртебесін толық ақтады. 2018, 2019, 2022 және 2023 жылдардағы чемпионаттарда да топ жарған ол, Будапешт боз кілемінде қарсыластарынан бір бас жоғары екенін тағы бір дәлелдеді.

Алайда Ута Абэнің жеңісіне қарамастан, Абэ әулетіне қос алтын бұйырмады  Хифуми сенсациялық түрде ширек финалдан шығып, тәжік спортшысы Обид Жебовқа иппон арқылы ұтылып қалды. Бұл — оның әлем біріншілігінде алғашқы айналымдағы жеңілісі болды.

Дегенмен Хифуми турнирден шығып қалмай, жұбаныш жекпе-жекте отандасымыз Ғұсман Қырғызбаевты жеңіп, үшінші орынға таласатын мүмкіндік алды. Қола жекпе-жекте Хифуми Кубалық Орландо Поланконы да жеңіп, қола медаль етіп алды.

Финал нәтижелері: 52 кг салмақ әйелдер

Алтын - Ута Абэ (Жапония)
Күміс - Дистрия Красниқи (Косово)
Қола - Роза Гертьяш (Венгрия)
Қола - Маша Баллхаус (Германия)

Финал нәтижелері: 66 кг салмақ ерлер

Алтын — Takeshi Takeoka (Жапония)

Күміс — Nurali Emomali (Тәжікстан)

Қола — Obid Dzhebov (Тәжікстан), Hifumi Abe (Жапония)

Сарапшылар не дейді?

Хифуми Абэ үшін бұл нәтиже күтпеген нәтияже болды, бірақ ол өзінің кәсібилігін сақтап қола жүлде алып шықты.

Тэгтер:

дзюдо Жапония Ута Абэ Венгрия