Израиль АҚШ-тан Иранға қарсы әскери одақ сұрады – Axios
© AP Photo / Ariel Schalit Иран тарапынан жасалған шабуылдан кейінгі Рамат-Ган қаласындағы жағдай

Израиль АҚШ-тан Иранға қарсы әскери одақ сұрады – Axios

Соңғы екі тәулікте Израиль АҚШ-тың Дональд Трамп әкімшілігіне Иранның ядролық бағдарламасын жоюға бағытталған әскери операцияға қатысу туралы өтініш жасаған. Бұл жайлы Axios порталы екі израильдік шенеунікке сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

«Соңғы 48 сағат ішінде Израиль Трамптың әкімшілігіне Иранға қарсы соғысқа қосылып, оның ядролық бағдарламасын жоюды сұрап жүгінді», – делінген портал сайтында жарияланған хабарламада.

Шенеуніктердің бірі Трамптың Нетаньяхуға: қажет болған жағдайда АҚШ Тегеранға қарсы операцияға қосылуға дайын екенін мәлімдегенін айтқан.

Бұл мәлімдемер Израиль мен Иран арасындағы шиеленістің жаңа деңгейге шығып жатқанын меңзейді. Алайда АҚШ-тың ресми жауаптары әзірге жоқ.

Осыған дейін Таяу Шығыстағы ахуал: әскери соққылар, зымыран шабуылдар мен дипломатиялық қақтығыстар – барлығы күрделене түсіп жатыр. Егер Израиль мен АҚШ Иранға қарсы бірлескен әрекетке кіріссе, аймақта жағдай тіпті шиеленісуі ықтимал.