14 жастағы қыз өз сіңлісін өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: www.freepik.com / коллаж: Anyqtime.kz / иллюстрациялық сурет

14 жастағы қыз өз сіңлісін өлтірді деген күдікке ілінді

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласындағы Октябрь ауданында 7 жасар қыздың қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Жергілікті ішкі істер басқармасының мәліметінше, бұл оқиғаға қатысты күдікке марқұмның 14 жастағы әпкесі ілінді, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Kaktus.media сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 14 маусым күні таңғы сағат 04:57-де тіркелген. Полицияға кәмелетке толмаған баланың ауыр жараланғаны туралы хабар келіп түскен. Алайда, медициналық көмекке қарамастан, 7 жасар қыз көз жұмған.

Милиция қаза тапқан қыздың әпкесін күдікті ретінде анықтап, оны заңды өкілдерінің қатысуымен полиция бөлімшесіне жеткізгенін мәлімдеді.

Қазір бұл дерек бойынша Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 122-бабы («Адам өлтіру») бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қосымша сараптамалар тағайындалған.

Оқиғаның себеп-салдары мен нақты мән-жайы тергеу барысында анықталмақ.