Батыс Қазақстан облысында аудан прокуроры өз-өзіне қол жұмсады
8 мамырға қараған түні Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында қайғылы жағдай орын алды. Теректі ауылының Сұңқар көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан аудан прокурорының мәйіті табылды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Қаза тапқан азамат – 1983 жылы дүниеге келген әділет подполковнигі Ғалымбек Мұхитов екені белгілі болды. Қазіргі таңда оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталу үстінде.
БҚО прокуратурасы бұл ақпаратты ресми түрде растады.
«2025 жылғы 8 мамырда Теректі ауданы прокуратурасының қызметкері өз үйінің ауласында суицид жасады. Аталған факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеу жұмыстарын Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті жүргізіп жатыр», – деп хабарлады ведомство.