ҰБТ-дан 140 балл жинаған Айшаға мектебі пәтер сыйлады
2025 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары көрсеткіш 140 балл тағы бір талапкердің еншісіне жазылды. Бұл жолы Алматы қаласының оқушысы Айша Сатыпалды білім бәйгесінде шоқтығы биік нәтиже көрсетіп, көпшіліктің назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Айшаның таңдаған пәндері – Дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілі. Ол 10-сыныптан бастап екі жыл бойы дайындықты 125 High School мектебінде жүргізген. Мектеп басшылығы Айшаның жетістігін жоғары бағалап, оған Алматы қаласынан пәтер сыйға тартты.
Талапкердің айтуынша, ол екі жылдық жүйелі дайындықтың арқасында барлық тақырыптарды толық қамтып үлгерген. «ҰБТ сұрақтары аса қиын болған жоқ. – дейді Айша.
Айта кетейік, бұған дейін 140 балл жинаған алғашқы талапкер Шымкент қаласынан Жәнібек Асқарұлы болатын. Осылайша, биылғы ҰБТ-да ең жоғары нәтиже көрсеткен екі оқушы тіркеліп отыр.