Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтына жаңа директор келді. Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады, деп жазады Anyqtime.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры қызметіне тағайындалды.
Сондай-ақ дәл осы өкіммен Еркін Валитханұлы Тұқымов аталған қызметтен босатылды.
Айта кетейік, стратегиялық зерттеулер институты – еліміздегі ішкі және сыртқы саясатқа қатысты сараптамалық-талдамалық ұсыныстар дайындайтын негізгі құрылымдардың бірі.