Еркін Тұқымов Президенттің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі атанды
Фото: kisi.kz

Еркін Тұқымов Президенттің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі атанды

Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Тұқымовқа жаңа жауапты лауазым сеніп тапсырылды. Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады, деп жазады Anyqtime.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Еркін Валитханұлы Тұқымов Президенттің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі қызметіне тағайындалды.

Айта кетейік, арнайы өкіл лауазымы – Қазақстанның Ауғанстан бағытындағы саясатын үйлестіруге және маңызды халықаралық мәселелер бойынша ел атынан келіссөздер жүргізуге жауапты жоғары дәрежелі дипломатиялық қызмет.