Ескертулерге қарамастан, 300 Қазақстан азаматы Біріккен Араб Әмірліктерінен орала алмай отыр

16 маусым, 2025 / Ақбота Сабырхан
Фото: zakon.kz

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі 300-ге жуық қазақстандық азаматтың, негізінен туристердің, БАӘ-ден елге қайта алмай отырғанын хабарлады. Бұл жағдай кейбір әуе компаниялары рейстерінің уақытша тоқтауына байланысты туындаған, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

– Қазіргі таңда шамамен 300 Қазақстан азаматы, негізінен туристер, БАӘ аумағынан шыға алмай отыр. Олардың елге оралуы уақытша қиындықтарға тап болды. Туристерге жағдайдың дамуын мұқият бақылап, сапарларын жоспарлау кезінде ықтимал тәуекелдерді ескеру қажет, – деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, туристерге Жақын Шығыс елдеріне сапар жоспарламас бұрын барлық тәуекелді мұқият ескеру қажет.

Бұған дейін Израиль 13 маусымда Иранға соққы жасап, аймақта жағдай шиеленіскен болатын. Осыған байланысты 14 маусымда ҚР Туризм және спорт министрлігі Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан аумағында және маңында ұшуға тыйым салынғанын жариялады.

Тэгтер:

БАӘ Айбек Смадияров