Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді
Жаз мезгілінде маса шағуы – жиі кездесетін жағымсыз жағдайлардың бірі. Алайда кей адамдарды масалар көбірек шағап, басқаларын мүлде айналып өтетіні таңғалдырады, деп хабарлайды Anyqtime.kz
Масалар “таңдағыш” келеді
Мамандардың айтуынша, масалар кейбір адамдардың иісін, терісін немесе тіпті қан тобын артық көреді. Әсіресе, бірінші қан тобы бар адамдар масаларға тартымдырақ. Сонымен қатар, оң резус-фактор иелерін де жиі шағады.
Көмірқышқыл газы – басты "сигнал"
Масалар адамның тыныс алу кезінде бөлетін көмірқышқыл газын (CO₂) иіс арқылы оңай анықтайды. Ағзасы бұл газды көбірек бөлетін адамдар – мысалы, жүкті әйелдер немесе жоғары метаболизммен ерекшеленетін спортшылар – олардың басты нысанына айналады.
Жылу мен иіс – тағы бір фактор
Жаттығудан кейін дене қызып, тер бөлінеді. Термен бірге бөлінетін сүт қышқылы, аммиак және зәр қышқылы масалар үшін ерекше тартымды. Сонымен қатар, теріде тіршілік ететін кей бактериялар да масаларға ұнамды иістер шығарады.
Сырт келбет те маңызды
Масалар қара түсті киімге көп шабуыл жасайды – себебі олар қара реңкті жақсы көреді. Ал гүлді немесе тәтті хош иісті парфюмдер, сусабындар мен лосьондар да бұл жәндіктерді тартады. Керісінше, лаванда немесе эвкалипт секілді табиғи эфир майлары оларды үркітуі мүмкін.