«Отан үшін отқа түс - күймейсің...»: Өскеменде Бауыржан Момышұлының бейнесімен мурал салынды
Жеңістің 80 жылдығына орай Өскемен қаласында Кабанбай батыр, 136 мекенжайындағы үйдің қасбетінде Мәскеу үшін шайқасқа қатысқан, полковник, жазушы, Қазақстанның Халық қаһарманы — Бауыржан Момышұлына арналған жаңа мурал пайда болды.
Бейненің аумағы — 150 шаршы метрді құрайды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Бауыржан Момышұлы генерал Иван Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының құрамындағы батальонды басқарып, Мәскеуді қорғау кезінде ерекше стратегиялық ойлау қабілеті мен ерлік көрсетті. Оның батырлығы, темірдей тәртібі және жауынгерлеріне деген сенімі мыңдаған адамға үлгі болды.
Муралда Бауыржан Момышұлының әйгілі сөзі бейнеленген: «Отан үшін отқа түс — күймейсің...». Бұл сөздер бүгінгі ұрпаққа патриотизм мен елге адал қызмет ету ұғымын терең сезіндіреді.