«Нөміріңді айтшы, жалмауыз»: Мұхамеджан Тазабек такси дауына іліккен әйелге бата берді
Ақын әрі қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабек әлеуметтік желідегі жазбасында такси жүргізушісімен сөзге келген әйелмен жүздескенін айтып, оған бата бергенін бөлісті, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін желіде «нөміріңді айтшы, жалмауыз» деген сөз тіркесімен тараған бейнежазба жұрт арасында кең талқыланған болатын. Сол оқиғада такси жүргізушісімен сөзге келіп қалған әйелдің әрекеті көпшілікті елең еткізген еді.
Мұхамеджан Тазабек сол әйелмен кездескенін айтып, оның шынайы болмысы жайлы пікір білдірді.
«Ағатай, балама дұға беріңізші» деп өтінгенін естігенде, расында да таңырқап қалдым. Себебі кезінде «әй, жалмауыз, телефон нөміріңді айтшы» деп тұрды дегенге сенбеген едім. Хит болған қарындасымыз осы екен. Шын өмірде ибалы, инабатты жан көрінді», – деп жазды ол.
Әлеуметтік желідегі бейнежазбадан кейін көпшіліктің сынына қалған әйел жайлы Мұхамеджан Тазабектің жылы пікірі қоғамда қалыптасқан көзқарасты өзгертуге ықпал етуі мүмкін. Ақынның сөзіне қарағанда, интернеттегі образ бен өмірдегі шынайы болмыс кейде мүлде екі түрлі болуы ықтимал.