«Жеңіс саябағын қорлаймыз»: Павлодардағы жасөспірімдердің биі қоғамның ашуын тудырды
бейнежазбадан скриншот

«Жеңіс саябағын қорлаймыз»: Павлодардағы жасөспірімдердің биі қоғамның ашуын тудырды

Павлодар қаласында бірнеше жасөспірімнің Жеңіс саябағында ерсі қылық көрсетіп, оны әлеуметтік желіге жүктеуі қоғамда қызу пікірталас тудырды. Бейнежазбада кәмелетке толмаған қыздар билеп, оған «Жеңіс саябағын қорлаймыз» деген жазба қалдырған, деп хабарлайды Anyqtime.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға желі қолданушыларының наразылығын тудырып, көп ұзамай құқық қорғау органдарының назарын аударды. Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысқан жасөспірімдер ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілген. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, балалардың заңды өкілдері — ата-аналары да тәрбие жұмыстарын дұрыс жүргізбегені үшін жауапқа тартылды.

«Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін олардың ата-аналары да әкімшілік жауапқа тартылды», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Мәселе бойынша Павлодар облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия да айналысып жатыр.