"Жалғыздық өлтірмейді!" – Ғалымдар ел сеніп келген аңыздың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді
Кәрілікте жалғыз қалу – ажалды жеделдетеді дегенге сеніп жүрсіз бе? Жаңа халықаралық зерттеу бұл сенімді күл-талқан етті! Ғалымдардың мәлімдеуінше, жалғыздық – бұрын айтылып жүргендей өлімге алып келетін басты қауіп емес, деп хабарлайды Anyqtime.kz
Канада, Финляндия және Жаңа Зеландия елдерінің ғалымдары 380 мыңнан астам қарт адамның өмірін зерттеп, таңғаларлық нәтижеге қол жеткізді:
Өзін жалғыз сезінетін адамдардың өмірі, керісінше, әлеуметтік байланысы көп қарттарға қарағанда ұзақ болуы мүмкін!
Бұл ғылымға, медицинаға және қоғамға бұрыннан орныққан пікірлерге соққы болып тиді.
"Жалғыздық – жаңа темекі" деген ұран енді шындыққа сәйкес келмейді!
Ғалымдар не дейді?
– Жалғыздық пен ерте өлім арасындағы байланыс – жай ғана миф.
– Жалғыздық көбіне жақсы денсаулығы бар, бірақ эмоциялық қолдаудан айырылған адамдарға тән.
– Ал керісінше, денсаулығы нашар болса да, әлеуметтік белсенді қарттар өздерін жалғыз сезінбейді.
Қорытынды: жалғыздықтың өзі емес, оның артында жатқан факторлар – нағыз қауіп көзі. Енді "жалғыз қалсам – ерте өлем" деген үреймен өмір сүрудің қажеті жоқ!