2025 жылғы 18 маусымда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Мәжіліс кулуарында Қазақстанда мұқтаждық критерийі қалай есепке алынатынын айтып берді, деп хабарлайды Anyqtime.kz
Министрдің айтуынша, көпбалалы отбасыларға берілетін көмек қысқартылмайды, бірақ мұқтаждық критерийі ескерілетін болады.
"Көмек тек шын мәнінде инвестор болып табылатын, яғни әр отбасы мүшесіне шаққанда төрт ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары табысы бар отбасыларға берілмейді. Шектеу белгіленді – егер отбасының екі немесе одан да көп автокөлік құралы мен жылжымайтын мүлік нысандары болса. Бұл – әлеуметтік қолдауға мұқтаж емес, қамтамасыз етілген адамдар туралы әңгіме", – деді Светлана Жақыпова.
Ол отбасының әр мүшесіне 200 мың теңгеден астам табыс тиесілі болса, мысалы, алты адамнан тұратын отбасының жиынтық табысы шамамен 1 миллион 200 мың теңгені құрайтынын айтты.
2025 жылғы 9 маусымда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен баланың туылуына байланысты мемлекеттік жәрдемақы, бала күтімі жөніндегі жәрдемақы, көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы, "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлеріне төленетін жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларына өзгерістер енгізілгені белгілі болды.