Жанар Айжанованың күйеубаласы зәулім үйін көрсетті (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде белгілі әнші Жанар Айжанованың күйеубаласы Сәкен Кагаров өзінің тұрмысын көпшілікке паш етіп, рум-тур жасап шықты, деп хабарлайды Anyqtime.kz Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.
Бейнежазбада Сәкеннің үйі ерекше кең әрі дизайнерлік тұрғыда жоғары талғаммен жабдықталғаны көрініп тұр. Асүйі көлемі жағынан футбол алаңына пара-пар болса, үйдің әр бұрышында сәнді әрі сапалы жиһаздар мен декоративті элементтер орналасқан.
Көпшілікті таңғалдырған тағы бір деталь — тоңазытқышының іші тек салауатты, табиғи өнімдермен толтырылған.
Желі қолданушыларының пікірі де жылы лебіздерге толы болды:
– «Жақсы бала екен, үйі де сондай әдемі»,
– «Бәрі өз еңбегінің жемісі» деген сынды пікірлер жазды олар.