Мәжіліс тұрақты даму саласындағы Парламенттік комиссияның жаңартылған құрамын бекітті

18 маусым, 2025 / Ақбота Сабырхан
Фото: gov.kz

2025 жылғы 18 маусымда Мәжілістің жалпы отырысында ұлттық мақсаттар мен міндеттердің орындалуын бақылау жөніндегі тұрақты даму саласындағы Парламенттік комиссияның жаңартылған құрамы бекітілді, деп хабарлайды Anyqtime.kz

Мәжіліс тұрақты даму саласындағы Парламенттік комиссияның жаңартылған құрамын бекітті

Мәжіліс депутаты Альберт Раудың айтуынша, бұл комиссия Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған. Комиссия белсенді жұмыс істеп келеді, отырыстары тұрақты түрде өткізіледі. Бұрынғы мәжілісмендер Асқар Садықов пен Гаухар Танашева депутаттық корпус құрамынан шыққандықтан, олардың орнына комиссияға Серік Ерубаев пен Ирина Смирнова енді.

Бұған дейін Мәжіліс Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялауды мақұлдаған болатын.

Тэгтер:

Мәжіліс Парламенттік комиссия Альберт Рау Серік Ерубаев Ирина Смирнова