2025 жылдың 17 маусымында Болгария астанасы София қаласында EuPhO-2025 атты Еуропа физика олимпиадасы өз мәресіне жетті. Бұл жарысқа 39 елден 200-ден астам жас физиктер қатысты, деп хабарлайды Anyqtime.kz
Білім министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан командасы тамаша нәтиже көрсетті – біздің елдің бес қатысушысының барлығы да жүлдегер атанды. Сонымен қатар, абсолюттік жеңімпаз болып Астананың Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Ильяс Қазымбек танылды. Ол Қазақстанның қоржынына «алтын» медальді салды.
Сол секілді екі күміс медальді Астананың РФММ-нің 10-сынып оқушысы Алтаир Ақанов пен Miras халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Роман Черемнов жеңіп алды.
Қола медальді Астананың Nurorda халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Даниэль Төлүбаев иеленді. Ал Қостанай облысының «Білім-Инновация» арнайы лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Таир Әбдікәрім құрмет грамотасымен марапатталды.
Команданы дайындаған – тәжірибелі жаттықтырушылар әрі олимпиада жүлдегерлері Андрей Сидоренко мен Темірлан Исмагұлов.
EuPhO – мектеп оқушылары арасында өтетін физика пәнінен беделді халықаралық жарыс.