Астанадағы Назарбаев Университетінің жатақханасында қайғылы жағдай тіркелді — студент қыздың өлі денесі табылды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Саденов мәлімдеді, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі NewTimes.kz сайтына сілтеме жасап.
Министр оқиғаның нақты уақыты мен мән-жайын ашып айтудан бас тартты.
— Сіздерге оның қашан болғанын білудің қажеті не? Мен бәрінен хабардармын, — деді ол журналистер сұрағына жауап бере отырып.
Сонымен қатар, Ержан Саденов студенттің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.
— Аталған іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, барлық жағдайлар анықталуда, — деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін университет тарапынан бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берілмеген. Қайғылы жағдайдың нақты себептері мен мән-жайы әлі де белгісіз күйінде қалып отыр.