Көптеген зерттеулер жасанды интеллекттің болашақта көптеген салаларда адамдарды алмастыра алатынын көрсетеді. Алайда, «ЖИ-дің атасы» атанған британдық-канадалық ғалым Джеффри Хинтон жақын уақытта нейрондық желілер адамдарды алмастыра алмайтын мамандықтарды атап өтті, деп хабарлайды Anyqtime.kz
Джеффри Хинтонның пікірінше, «қазір сантехник болудың ең қолайлы уақыты».
Ол технологиялар барлық салаларда адамзатты басып озатынына сенімді, бірақ қазір қолмен істелетін жұмыстарда техника әлі ұзақ уақыт адам деңгейіне жете алмайды, дейді.
«РБК Life» басылымы Хинтонның сөздерін келтіріп, нейрондық желілер қарапайым ақыл-ой еңбегін талап ететін мамандықтарды алмастыра алатынын атап өтті. Мысалы, колл-орталық қызметкерлері қауіпті жағдайда болуы мүмкін. Кейбір салаларда бір адам ЖИ қолдауымен бұрын 10 адам атқарған міндеттерді орындауы мүмкін.
Өзіңнің орныңды сақтап қалу үшін жоғары біліктілік қажет. Сонымен бірге, денсаулық сақтау сияқты кейбір салалар өзгерістерге бейімделе алады. Дәрігерлерге деген сұраныс әлі де сарқылмас.