Си Цзиньпин: Бізге бөлінбеген біртұтас әлем керек
Фото: akorda.kz

Си Цзиньпин: Бізге бөлінбеген біртұтас әлем керек

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин 2025 жылғы 17 маусымда өткен «Орталық Азия – Қытай» екінші саммитінде протекционизм мен гегемония жақтаушылары өзге елдерге ғана емес, өздеріне де зиян келтіретінін атап өтті, деп хабарлайды Anyqtime.kz 

Си Цзиньпин халықаралық жағдайдағы бұрын-соңды болмаған өзгерістер аясында жаһандық дүрбелең мен трансформацияның жаңа дәуірі басталғанын ерекше айтты.

«Теңдік, әділдік, өзара тиімділік пен ұтысты қамтамасыз ететін қағидаларға берік ұстаным ғана әлемдегі бейбітшілікті қолдап, бірлескен өркендеуге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Тарифтік және сауда соғысында жеңімпаз болмайды. Протекционизм мен гегемония жақтаушылары өзге елдерге де, өздеріне де зиян келтіреді. Мен әрдайым тарих дөңгелегін артқа айналдыру мүмкін емес екенін, тек алға жылжу маңызды екенін баса айтамын. Бізге бөлінген әлем емес, біртұтас әлем керек. Адамзат біртұтас тағдыр қоғамы аясында дамуы тиіс, жануарлар заңымен басқарылатын емес», – деді ҚХР Төрағасы.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада маңызды халықаралық шара – «Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қытайдың басшылары қатысқан болатын.