Израиль Иранның ішкі қауіпсіздік штаб-пәтерін жойғанын мәлімдеді
Фото: Majid Asgaripour / WANA / Reuters

Израиль Иранның ішкі қауіпсіздік штаб-пәтерін жойғанын мәлімдеді

Израиль Иранның ішкі қауіпсіздікке жауапты негізгі мекемесінің штаб-пәтерін жойғанын хабарлады. Бұл туралы Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеді, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі The Times of Israel басылымына сілтеме жасап

— Біз Иран режимінің басты репрессиялық құралы саналатын ішкі қауіпсіздік штабының көзін жойдық, — деді министр.

Кацтың айтуынша, Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Ирандағы саяси билік пен жоғарғы көшбасшы Аятолла Әли Хаменеи билігінің нышандарына қарсы соққыларын жалғастырады.

Бұған дейін Израильдің әскери-әуе күштері Тегеран маңындағы Хаменеи бункері орналасқан ауданға соққы жасаған болатын. Қазіргі уақытта да ЦАХАЛ Иран аумағындағы түрлі әскери нысандарға шабуыл жүргізіп жатқаны хабарланды.

Оқиғаның ауқымы мен салдарына қатысты нақты мәліметтер әзірге жарияланған жоқ. Дегенмен, бұл жағдай Таяу Шығыстағы ахуалды одан әрі шиеленістіріп отыр.