«Димаштың анасы сыйлаған иткөйлек көпбалалы болуға себеп болды» – жұлдызды жұп сырын айтты (ВИДЕО)

Бүгін, 10:01 / Теңіз Тамшыбаев
Фото: инстаграм batyr_bloger / Коллаж: Anyqtime.kz

Қазақстандық танымал өнер иелері Мирас пен Құралай отбасылық өмірде бастан өткерген ауыр кезеңдері туралы айтып, жастарға үміт үзбеуге кеңес берді, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.

Жұлдызды жұп отбасын құрғаннан кейін ұзақ жылдар бойы сәби сүйе алмай, түрлі ем-дом қабылдағанын айтады. Дәрігерлер «балалы болу мүмкін емес» деген ауыр диагноз қойғанымен, олар тағдырға мойымаған.

Сол кезеңде отбасылық достары – әнші Қанат Айтбаев пен Света Айтбаева қызы Раушанның иткөйлегін сыйға тартқан. Бұл қыз — әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы.

«Ырымшыл халықпыз ғой. Светаның берген ерекше сыйынан кейін, Құдайға шүкір, бүгінде төрт баланың ата-анасы атандық», – дейді Мирас пен Құралай.

Өнер иелері мұндай сәттердің жас отбасыларға үміт сыйлайтынын айтып, қиындыққа тап болғандарға сабыр мен сенім тіледі.