Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы әлеуметтік маңызы бар спорт нысандарының бірі — «Дәулет» теннис орталығына барды, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Қазіргі таңда бұл кешенде 600-ге жуық бала жаттығады. Оның 85-і мемлекет есебінен тегін қатысуда. Сонымен қатар мұнда 57 спорттық-сауықтыру тобы жұмыс істейді.
«Дәулет» — елорданың балалар көп баратын орталықтарының бірі, ерекше қажеттілігі бар спортшыларға да есігін айқара ашқан әлеуметтік бағыттағы нысан саналады.
Айта кетейік, биыл мамыр айында дәл осы орталықта Азия құрлығында алғаш рет ақыл-ой кемістігі бар спортшыларға арналған Virtus World Tennis Championship 2025 әлем біріншілігінің іріктеу турнирі өткен болатын.