Біртанов ісі қайта қаралуы мүмкін: Прокуратура жаңа деректерді тексеріп жатыр

19 маусым, 2025 / Ақбер Қуаныш
Елжан Біртанов. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке қатысты атышулы қылмыстық іс бойынша тергеу қайта басталды.Бұл туралы Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz порталына сілтеме жасап. 

Бас прокуратураға жолданған жаңа өтініш негізінде іс Астана қалалық прокуратурасына беріліп, тексеріс жұмыстары қолға алынған. Қадағалаушы орган қазіргі уақытта жаңадан табылған мәліметтерді зерттеп жатыр.

— Біртанов Е. мен Әбішев О.-ға қатысты жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша түскен өтініш Астана қаласының прокуратурасына жолданып, қазіргі уақытта тексеріс жүргізілуде, — деп мәлімдеді Бас прокуратура ресми жауабында.

2022 жылы шыққан сот үкіміне наразылық білдірген тарап бұл жолы тың дәлелдер ұсынды. Олжас Әбішев әлеуметтік желідегі жазбасында ресми құжаттардың олардың кінәсін дәлелдеген жалғыз куәгердің сөздерін жоққа шығаратынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл тергеудің әділ жүргізілмегенін көрсетеді.

Айта кетейік, Елжан Біртанов пен Олжас Әбішев мемлекет қаражатын тиімсіз пайдаланды деген айыппен сотталған болатын. Алайда олар бастапқы үкімге келіспей, істі қайта қарау жөнінде бірнеше рет өтініш білдірген.

Тэгтер:

Прокуратура Елжан Біртанов Олжас Әбішев