Әйел сұлулығының ғылым дәлелдеген өлшемі қандай? (ФОТО)
stihi.ru

Әйел сұлулығының ғылым дәлелдеген өлшемі қандай? (ФОТО)

Әйел сұлулығы — ғасырлар бойы талқыланып келе жатқан ұғым. Бірақ ғылыми тұрғыдан қарасақ, бұл сұраққа нақты жауап табуға болады екен. 

Техас университетінің зерттеушілері жүргізген ғылыми жұмыс нәтижесіне сүйенсек, әйелдің физикалық тартымдылығы үшін ең үйлесімді бой 168 сантиметр. Сонымен қатар, кеуде тұсы — 99 см, бел — 63 см, жамбас — 91 см болуы керек екен.

Бұл параметрлерге толықтай сай келетін әйел — британиялық актриса және модель Келли Брук.

Келли Брук
Келли Брук

Зерттеушілер оның табиғи дене бітімін физикалық тартымдылықтың эталоны деп атаған.

Алайда, жасанды интеллект (AI) бұл тұжырыммен келіспейді. Оның "идеал әйел" бейнесі ретінде 25 жастағы бразилиялық фитнес-инфлюенсер Каролин Розалин таңдалған.

Каролин Розалин
Каролин Розалин

Жасанды интеллект оның денсаулығы, күші, дене пропорциясы, симметриясы мен эстетикалық үйлесімін бағалап, "10-нан 10 балл" қойған.

Ғалымдар мен алгоритмдердің пікірі екі түрлі болғанымен, бастысы – әр адамның сұлулығы өзінше бірегей және бағалы.

Сұлу сұлу емес, сүйген - сұлу.