Көліктің терезесінен қолды шығарып жүргізу заңсыз — Астаналық жауапқа тартылды
Көліктің терезесінен қолды шығарып жүргізу заңсыз — Астаналық жауапқа тартылды. Бұл туралы Anyqtime.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан кейін белгілі болды. Онда Volkswagen көлігінің жолаушысы терезеден аяғын сыртқа шығарып отырған сәті түсірілген. Видео астындағы пікірлер әзіл мен күлкіге толы болғанымен, тәртіп сақшылары бұл жағдайға байыппен қарады.
— Volkswagen көлігінің жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, оған профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, — деп мәлімдеді қалалық полиция департаменті.
Айта кетейік, 2025 жылдың 13 наурызынан бастап Қазақстанда көлік қозғалысы кезінде терезе, люк немесе есік арқылы дене мүшелерін — қол, аяқ, немесе басты шығару ресми түрде тыйым салынған. Бұл ережені бұзған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде, яғни 39 320 теңге айыппұл салынады.