Қазақ футболында тарихи сәт: Дастан Сатпаев әлемнің үздік үш жас ойыншысының қатарында
Қазақстандық жас талант Дастан Сатпаев футбол әлеміндегі ең қымбат үш жасөспірімнің бірі атанды. Бұл туралы Anyqtime. kz тілшісі ALASH.KZ сайтына сілтеме жасап.
Алматылық «Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы әрі Қазақстанның 17 жасқа дейінгі құрамасының ойыншысы Transfermarkt сайты жаңартқан рейтингте әлемнің ең үздік 100 жас футболшысының қатарына енген. Ең бастысы — бұл тізімде Дастан Сатпаев Қазақстан атынан жалғыз ойыншы болды.
Жаңа бағалау бойынша Сатпаевтың трансферлік құны – 1,8 миллион еуро. Бұл көрсеткіш оған 17 жасқа дейінгі футболшылар арасында әлемдік рейтингте алғашқы үштіктен көрінуге мүмкіндік берді.
Одан жоғары тек екі ойыншы тұр:
Хильберто Мора (Мексика, «Тихуана») – 3 миллион еуро
Натан Де Кат (Бельгия, «Андерлехт») – 2,5 миллион еуро