Қатты жел адам өліміне себеп болды – Ақсу қаласындағы трагедия

19 маусым, 2025 / Ақбер Қуаныш
Фото: Ашық дереккөз

Павлодар облысында қатты дауылдың салдарынан қайғылы жағдай тіркелді. Ақсу қаласында қатты жел кезінде құлаған ағаш таксидегі әйелге тікелей тиіп, кеуде тұсынан өтіп кеткен. Оқиға бейнебақылауға түсіп, Tipavlo Telegram арнасында жарияланды, деп хабарлайды Anyqtime.kz

Видеодан көрінгендей, әйел алдыңғы жолаушы орындығында отырған. Ағаштың соққысынан кейін көлік жүргізушісі шошып, сыртқа атып шығып: «Көмектесіңіздерші!» деп айқайлайды. Оған көмекке жүгіріп келген куәгерлер видео соңында көрінеді.

Дәрігерлер не дейді?
Павлодар облыстық жедел жәрдем қызметі хабарлағандай, жедел шақыру 17:29-да түскен.
1968 жылы туған әйел оқиға орнында ауыр жарақат салдарынан көз жұмған.

«Құлаған ағаш әйелдің кеуде тұсын тесіп өткен. Өкінішке қарай, медициналық көмек көрсету мүмкін болмады», – делінген жедел жәрдем мәлімдемесінде.

Ауа райы жағдайы
Бұған дейін облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Ақсуда желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жеткенін ескерткен болатын.

Тэгтер:

Павлодар Ақсу төтенше жағдай