"Үйленгеннен кейін сүйістік": Qanay-дың сұхбаты желіде дау тудырды
видеодан скриншот

"Үйленгеннен кейін сүйістік": Qanay-дың сұхбаты желіде дау тудырды

Танымал әнші Qanay (Арман Жаналиевпен сұхбат кезінде) айтқан оғаш сөздерімен ел назарын өзіне аударды. Сұхбат барысында ол былай деді:

«Әйелім екеуміз бір-бірімізді енді танып жатырмыз. Үйленгеннен кейін барып, кездесіп, сүйісіп, сорысып жүрміз. Бір бөлмелі үйім бар. Құдай қаласа, енді үш бөлмелі үй алу керек болып тұр. Әке-шешемді Алматыға тартқым келеді (кекіріп). Ағам – 1991 жылғы, вахтада істейді. Үйленген, зорланған. Анам қыздар сатады.»

Бұл сөздер көпшіліктің ашу-ызасын тудырды. Желі қолданушылары пікірлерін жарыса жазып, әншінің әрекетін сынға алды:

– «Түрі не мынау? Жындыханадан шақыртып алғандай»,
– «Мас қой, кекіріп отыр»,
– «Санасыз, сауатсыз контент арқылы қаралым жинау — бүгінгі қоғам дерті. Журналистика мен мәдениеттің деңгейі түсіп барады», — деп жазды олар.

Желіде Qanay-дың бұл сұхбаты жай әзіл ме, әлде шын айтылған ба — деген сауал да қызу талқылануда.