Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Бүгін, 00:06 / Ақбер Қуаныш
Фото: Астана қаласы әкімшілігі

21-22 маусым күндері елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды  Anyqtime.kz тілшісі  Астана қаласының әкімдігіне сілтеме беріп.

Екі күн бойы қала тұрғындары мен қонақтары отандық фермерлер мен түрлі өңірлерден келген өндірушілердің табиғи өнімдерін тиімді бағамен сатып ала алады. Сауда алаңында көкөніс пен жеміс-жидек, ет, сүт және ұн өнімдері, нан-тоқаш түрлері, табиғи шырындар, тосап, джем секілді тауарлар ұсынылады.

Жәрмеңке Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді. Сауда уақыты: сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін.

Айта кетейік, елордада тұрақты жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі де бар. Ол Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 мекенжайында орналасқан және күн сайын таңғы 10:00-ден кешкі 19:00-ге дейін ашық болады.

Жәрмеңке өтетін аудандарға №2, 32, 49, 50 және 73 бағытындағы автобустар қатынайды.

Тэгтер:

Астана ауыл шаруашылығы жәрмеңке