Алматы әкімі өзіне жаңа орынбасар тағайындады
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен 19 маусым күні қала әкімінің орынбасары қызметіне Олжас Смағұлов тағайындалды, деп хабарлайды Anyqtime.kz
Олжас Смағұлов Американдық Интерконтинентал университетін, Калифорния мемлекеттік политехникалық университеті Помона кампусын, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін, сондай-ақ Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2013 жылы Атырау облысы әкімінің аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және ақпараттық-талдау бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған. 2015 жылдан 2019 жылға дейін Ақтөбе облысында бірқатар басшылық лауазымдарды атқарған.
2019–2021 жылдар аралығында Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары, Премьер-Министрдің кеңесшісі қызметтерін атқарды.
2021 жылдың қараша айынан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
Бұған дейін Қорғаныс министрінің жаңа орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы тағайындалғаны хабарланған болатын. Бұл қызметке Қайрат Садыков келді.