Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева танымал әнші Димаш Құдайбергенге сахна сыртында дауыс көтеріп, әлеуметтік желіде сынның астында қалды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.
Желіде тараған бейнежазбада Димаштың сахна сыртында Роза Рымбаеваға:
– Сізбен сахнаға шығуымның өзі мәртебе ғой. Аман болыңыз, – деп сыпайы тіл қатқаны байқалады.
Алайда халық әртісі оған дауыстап:
– Қойшы! – деп жауап береді.
Бұл қысқа диалог желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Көпшілік Рымбаеваның әрекетін тәкаппарлыққа балап, жылы сөздің орнын суық реакция басқанын сынға алды.
– «Розаның іштарлығы ма? Ұят болды»,
– «Бір ауыз жылы сөз айтуға болар еді»,
– «Бибігүл Төлегенова Димашқа тұрып амандасады, ал Рымбаева көзін де көтермеді»,
– «Не деген тәкаппарлық», – деген пікірлер көптеп жазылды.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген – қазақ өнерін халықаралық деңгейде танытып жүрген өнер иесі. Ал Роза Рымбаева – Қазақстан эстрадасының аңыз әншісі, талай буынға ұстаз болған тұлға.