Атырау мен Дубай арасындағы рейстер уақытша тоқтатылды

Бүгін, 12:48 / Ақбота Сабырхан
Фото: primeminister.kz

2025 жылғы 20 маусымда Air Astana әуе компаниясы Атырау мен Дубай арасындағы рейстердің уақытша тоқтатылғанын хабарлады, Anyqtime.kz тілшісі

«Air Astana 28 маусымнан бастап Атырау – Дубай бағыты бойынша рейстердің ұшу уақытының едәуір артуына байланысты уақытша тоқтатылатынын хабарлайды. Дубайға ұшулар Астана мен Алматыдан Иран мен Ирак аумағын айналып өту арқылы жалғасуда», – делінген хабарламада.

Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына Алматы мен Астанадан Дубайға немесе Атыраудан басқа бағыттарға тегін қайта брондау не әуе билеттерінің толық құнын қайтару ұсынылады. Бұған дейін, 19 маусым күні, Wizz Air Abu Dhabi компаниясы Астана мен Абу-Даби арасындағы рейстерді тоқтататынын мәлімдеді. БАӘ-нің мемлекеттік Flydubai әуе компаниясы да Қазақстанға рейстерді тоқтатты.

2025 жылғы 13 маусымда Air Astana және FlyArystan әуе компаниялары жолаушыларды Иран мен Ирактың әуе кеңістігін айналып өтетіні туралы ескерткен болатын.

Тэгтер:

Иран Air Astana Атырау – Дубай FlyArystan Ирак