Тоқтар Серіков жұрттың сынына қалған ұлын қорғап, ағынан жарылды (Видео)
Әнші Тоқтар Серіков пен жары Бейбіт Сейдуалиева ұлдарының мектепті «Алтын белгімен» тәмамдағанын айтып, қуаныштарымен бөліскен болатын. Алайда көпшілік жас түлектің мінез-құлқына қатысты сын айтып, әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Пікір қалдырғандардың бірі жас түлектің аттестат алу сәтіндегі сырт келбеті мен әрекетіне наразылық білдірді.
«Аузына сағыз салып алған, көзінде көзілдірік... Оқушыға сай емес», – деп жазды қолданушылардың бірі.
Басқалары:
«Мұғалімге құрмет көрсетіп, көзілдірігін шешіп қою қиын ба?», «Өзіңше шіреніп, паңданып тұр. Жас балаға тән емес мінез», – деген пікірлер қалдырған.
Көпшіліктің сынына Тоқтар Серіков жауап беріп, ұлының бұл әрекетін сәттік қуанышпен түсіндірді.
«Қуаныштан балам көзілдірігі мен сағызын ұмытып кеткен шығар. Білім мен тәртіп болмаса, оған “Алтын белгі” бұйырар ма еді?! Өз еңбегімен алды. Ұстаздарына алғысым шексіз. Құдай тіл-көзден сақтасын», – деп жазды өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Тоқтар мен Бейбіттің тұңғышы Беколжас биыл мектепті үздік аяқтап, үздіктер қатарынан көрінді.