"Қайрат" Бразилиядан соққысы мықты шабуылшыны шақыртты – Чемпиондар лигасы жақын

20 маусым, 2025 / Ақбота Сабырхан
Фото: Instagram/f.c.kairat

УЕФА Чемпиондар лигасының басталуына үш апта қалғанда алматылық "Қайрат" футбол клубы Еуропа чемпионатынан жаңа бразилиялық ойыншыны құрамына қосқанын жариялады, деп хабарлайды Anyqtime.kz

19 маусым күні "Қайрат" пен чехиялық "Виктория" (Пльзень) клубы бразилиялық шабуылшы Рикардиньоны бір жылға жалға алу жөнінде келісімге келді. 24 жастағы Рикардо Виана Фильо Бразилияның Сан-Паулу штатынан шыққан және сол аттас клубтың түлегі.

Кәсіби мансабын "Гремио" клубында бастаған ол кейін "Атлетико Гоияниенсе" және Португалияның "Маритиму" клубтарында өнер көрсетті. 2023 жылдың басында Болгарияның "Левски" командасына ауысып, онда 56 матчта 20 гол соғып, 8 нәтижелі пас беріп, команданың көшбасшыларының біріне айналды.

Бір жыл бұрын Рикардиньо "Виктория" клубына ауысып, команда сапында УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті.

2025 жылдың алғашқы жартысын ол Израильдің "Маккаби" (Хайфа) клубында өткізді. Онда 11 матчта бір гол соқты.

Рикардиньомен келісім жасалғанға дейін, бір апта бұрын Қазақстан чемпионы Словения чемпионатында ойнаған бразилиялық Эдмильсонмен де келісімшартқа отырған болатын.

Тэгтер:

Қайрат Рикардо Виана Фильо Бразилия