Жүкті әйелдер үшін жақсы жаңалық: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі маңызды мәлімдеме жасады
Фото: IStock

Жүкті әйелдер үшін жақсы жаңалық: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстанда әйелдер консультациялары қайта жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Anyqtime.kz

Бұл маңызды жаңалықты 2025 жылғы 20 маусымда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады:

"Денсаулық сақтау министрлігі жүкті әйелдерге және гинекологиялық аурулары бар әйелдерге алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) деңгейінде медициналық қызмет көрсететін амбулаториялық қызметтерді біріктіре отырып, “Әйелдер консультациясы” бөлімшелерінің жұмысын қалпына келтіруде. Бұл бастаманың мақсаты – елдегі әйелдерге көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру", – делінген ресми хабарламада.

Жаңартылған әйелдер консультациясы құрылымында мынандай қызметтер қарастырылады:

Құрсақтағы ұрықты қорғау орталықтары (бір күндік клиникамен бірге);

Отбасын жоспарлау орталықтары;

Жүктілікті сақтау (невынашивание) кабинеттері;

Жүктілігі жоғары қауіп-қатермен өтетін және экстрагениталды аурулары бар әйелдерге арналған кабинеттер (кешенді мультидисциплинарлық топпен жұмыс істейді);

Репродуктолог және балалар гинекологы кабинеттері.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Жамбыл облысында екі өлім жағдайынан кейін ондаған процедуралық кабинет жабылғанын хабарлаған болатын.