Қазақстандықтарға несие алудан мәңгілікке қалай бас тартуға болатыны ескертілді
Қазақстандықтар банк несиелерін мәңгілікке алудан екі басу арқылы қалай бас тартуға болатыны туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының (АО «НИТ») баспасөз қызметі айтып берді, деп хабарлайды Anyqtime.kz
Сонымен, несие алуға шексіз тыйым салуды eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы орнатуға болады.
Айта кетерлігі, бұл қызметке тек өз азамат өзі өтініш бере алады:
«Несие және микронесие алуға тыйым шексіз мерзімге қойылады. Сондай-ақ, пайдаланушы кез келген уақытта осы шектеуді алып тастай алады», – делінген хабарламада.
Бұл үшін не істеу керек:
- eGov Mobile қосымшасына авторизациядан өтіп, «Салықтар мен қаржы» бөліміне өту;
- Қызметтер тізімінен «Банктік несие және микронесиелерді өз еркімен алудан бас тарту» қызметін таңдау;
- Қажетті өрістерді толтырып, өтінішті электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы рәсімдеу;
Қызмет нәтижесі жеке кабинетте қаралады.
Бұған дейін, Цифрлық даму министрлігі соңғы уақытта қазақстандықтардың жеке деректерінің кең көлемде жариялануы жағдайына байланысты, өз деректеріңіздің Даркнетте (қара нарықта) жарияланып-жарияланбағанын қалай тексеруге болатынын еске салған болатын.