Үшінші дүниежүзілік соғыс бастала ма?

20 маусым, 2025 / Ақбота Сабырхан
Фото: Swissinfo

Қытайлық DeepSeek пен америкалық ChatGPT үшінші дүниежүзілік соғыс қашан басталуы мүмкін екенін болжады, деп хабарлайды  Anyqtime.kz

Екі нейрожүйе де 2025 жылдан 2030 жылға дейінгі кезеңді атап көрсетті.

Мәселен, ChatGPT   аталған мерзім аралығында АҚШ пен Қытай арасындағы Тайвань мәселесіне байланысты қақтығыстың ушығуы, сондай-ақ Украинаға қатысты Ресей мен НАТО арасындағы шиеленіс салдарынан соғыс қаупі жоғары болатынын айтты. Сонымен қатар, жаппай қарулану жарысының үдеуі және БҰҰ мен ЕҚЫҰ сияқты халықаралық ұйымдардың әлсіздігі де үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуына себеп болуы мүмкін.

Ал қытайлық DeepSeek нейрожүйесі 2030 жылға дейін үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуы ықтимал екенін мәлімдеді. Оның себебі ретінде АҚШ пен Қытай арасындағы Тайваньға қатысты шиеленістің күшеюі аталды. Сонымен бірге, Ресей мен НАТО арасындағы Еуропадағы ықтимал қақтығыс пен Иран мен Израиль арасындағы жанжалға әлемдік державалардың араласуы да қауіп тудыратыны айтылған.

Екі жүйе де үшінші дүниежүзілік соғыстың салдары өте қайғылы болатынын ескертеді. Егер ядролық қару қолданылса, әлем бойынша жүздеген миллион немесе миллиардтаған адам қаза тауып, радиациялық ластану орын алады.

Киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшы Алексей Раевский бұл болжамдарға күмәнмен қарауға кеңес берді:

«Ешбір нейрожүйе болашақта не болатынын нақты айта алмайды. Олар — ақпаратты жинап, оны талдап, онымен “ойнайтын” алгоритм ғана. Бұл жүйелерде хрусталь шар да, Таро картасы да жоқ. Яғни, олар болашақты көріп, дәл болжай алмайды», – деді ол.

Ал нейрожүйелерден айырмашылығы — адам-математик Сидик Афган өз есебі бойынша 2055 жылға дейін үшінші дүниежүзілік соғыс болмайтынын алға тартты.

Тэгтер:

ChatGPT Үшінші дүниежүзілік соғыс DeepSeek