Астанада Жеңіс парадынан кейін әскери техниканы кері жеткізу басталды
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Астанада Жеңіс парадынан кейін әскери техниканы кері жеткізу басталды

Астанада 8 мамыр күні өткен Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтан кейін жеке құрам мен әскери техниканы өздерінің тұрақты орналасқан орындарына кері тасымалдау жұмыстары басталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Anyqtime.kz хабарлайды.

Әскери техникалар елорданың әртүрлі аумағынан теміржол арқылы және өздігінен жүріп кететін көлік ретінде де жөнелтілуде. Қайтару шараларын 14 мамырға дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.

Қорғаныс ведомствосы бұл қозғалысқа байланысты туындауы мүмкін алып-қашпа әңгімелердің алдын алып:

«Әскери техниканың қозғалысы барысында таралуы мүмкін жалған ақпараттарға сенбеуді, тек ресми ақпарат көздеріне жүгінуді сұраймыз», – деп мәлімдеме жасады.

Аталған шара — жыл сайынғы әскери тәртіп пен логистика үдерісінің бір бөлігі екенін еске саламыз.