21 маусым – жылдың ерекше күні. Бұл – жазғы күн тоқырауы, яғни күннің шуағы шарықтау шегіне жететін шақ. Таңғы сағат 07:51-де Күн Егіздерден Шаян белгісіне ауысады. Осылайша сезім мен қамқорлықты алға шығаратын жаңа астрологиялық кезең басталады.
Астролог Алина Демченконың айтуынша, бұл – жүрекке құлақ асатын, ішкі тепе-теңдікті табуға жол ашатын уақыт, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.
♈ Тоқты
Бүгінгі күн сіз үшін күтпеген жаңалықтарға толы болуы мүмкін. Ескі таныстан хабар келуі ғажап емес. Ішкі түйсігіңізге сеніңіз, бірақ сабырлы болыңыз – бәрінің өз орны бар.
♉ Торпақ
Сезімдеріңіз сергек. Кенеттен жұмыс не үйде өзгеріс орын алуы ықтимал. Жүрекке тым ауыр алмаңыз. Кішкене тынығып, сүйікті іспен айналысу сізге жақсы әсер етеді.
♊ Егіздер
Бұл – сіздің жұлдыздық уақытыңыздың соңғы күні. Шаршау немесе демалуға деген ниет тууы мүмкін. Тынығып, жаңа кезеңге дайындалуға жақсы мүмкіндік.
♋ Шаян
Сахнада – сіз! Күн сіздің жұлдыз белгіңізге өтті. Эмоция күшейеді, ерекше кездесулер мен жаңа бастамаларға жол ашылады. Армандар орындалатын уақыт. Өзіңізге сеніңіз!
♌ Арыстан
Күннің қуаты сізге жарқырап жүруге себеп болады. Күтпеген ұсыныс немесе жақсы жаңалық естуіңіз мүмкін. Өз дарыныңызды көрсетуге тамаша күн.
♍ Бикеш
Шабыт пен тың идеялар бой көтереді. Бүгін жоспар құрып, өзіңізді жетілдіруге кірісіңіз. Әсіресе денсаулық, білім, рухани даму саласында алға ілгерілеуге оңтайлы кезең.
♎ Таразы
Қарым-қатынас, түсіністік пен үй ішіндегі үйлесім алдыңғы орынға шығады. Бұрынғы өкпе-реніштерді шешуге сәтті күн. Үйді сәндеу, жайлы ету – пайдалы істер қатарында.
♏ Сарышаян
Көптен бері назардан тыс қалып келген бір жайт ашылуы мүмкін. Бұл – сізге шындықпен бетпе-бет келуге мүмкіндік. Өзгерістерден қорықпаңыз – олар бостандықтың бастауы болуы мүмкін.
♐ Мерген
Көңіл-күй құбылып тұруы мүмкін, бірақ шығармашылыққа да, шабытқа да толы күн. Сапар немесе жаңа жобалар бастауға қолайлы. Ең бастысы – көңілді жоғалтпаңыз.
♑ Тауешкі
Қаржылық және ірі жоспарлармен айналысуға қолайлы шақ. Жүйелі әрекет жасап, нақты шешімдер қабылдасаңыз, табыс сізді күтеді. Бүгінгі күн – алдағы табыстың негізі.
♒ Суқұйғыш
Күн қарсы белгіде – бұл өзіңді сырт көзбен бағалау, серіктестік пен қатынастарды саралау кезеңі. Жақын адаммен ашық сөйлесіп, ортақ мақсаттарға бағыт алу – сәтті болмақ.
♓ Балықтар
Жеке кеңістік пен тыныштық қажет. Сыртқы өмірден сәл алыстап, ішкі дүниеңізге үңіліңіз. Демалыс, медитация, жалғыздық – бұл күннің басты кілттері.
21 маусым – тек күн мен түннің тепе-теңдігі ғана емес, жан мен жүректің де үйлесімділік табар сәті. Бүгін сезімге сеніп, өз ішіңізге үңіліңіз. Қай белгіде дүниеге келсеңіз де – бұл күн сізге қуат, тыныштық немесе шабыт сыйлауы мүмкін.