Лихачёв: Қазақстандағы АЭС Ресейдегі нұсқалардан асып түседі
Фото: Михаил Метцель

Лихачёв: Қазақстандағы АЭС Ресейдегі нұсқалардан асып түседі

Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёв Қазақстан мен Өзбекстанда заманауи атом электр станциялары бой көтеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Anyqtime.kz 

«Қазақстанмен де, Өзбекстанмен де екіжақты құжаттарға қол қойдық. Бұл елдерде тіпті Ресейде салынып жатқан нұсқалардан асып түсетін, әлемдегі ең озық АЭС-терді тұрғызамыз», – деді Лихачёв.

2025 жылғы 20 маусымда өткен форум аясында Қазақстан Республикасының Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен Алексей Лихачёв АЭС құрылысы бойынша екіжақты кездесу өткізді. Бас қосуда инженерлік-іздестіру жұмыстары мен жобалау құжаттарын әзірлеуді қамтитын жол картасы бекітілді.

Сондай-ақ «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС мен «Атомстройэкспорт» АҚ Алматы облысы Жамбыл ауданында салынып жатқан жобаның негізін қалаушы құжатқа қол қойды.

Жоба маңыздылығы мен мерзімі

АЭС құрылысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және көміртексіз экономикаға көшуді жеделдетуге бағытталған. Құрылысқа халықаралық консорциум жетекшілік етпек. Бұл шешім үшін «Росатом» қазақстандық тарапқа алғыс білдірді.

«Қазақстан – атом саласындағы сенімді серіктес. Біздің технологиялар энергетикалық егемендікті күшейтеді», – деді Лихачёв.

Ал Алмас Сәтқалиевтің айтуынша, жобаның табысты жүзеге асуы үшін ашық әрі сенімді әріптестік маңызды.

2036 жылға дейін аяқталуы мүмкін

Мамандардың бағалауынша, атом электр станциясын жобалау мен толық іске қосу процесі 10-12 жылға созылуы мүмкін. Демек, алғашқы АЭС құрылысының болжамды аяқталу мерзімі – 2035–2036 жылдар. Бұл бағытта «Росатом» да аталған уақыт шеңберін негізге алып отыр.


«Росатом» –Қазіргі таңда 10 елде 39 энергетикалық блоктың құрылысын жүргізіп жатыр.